Телефон приемного:
+7(727) 249-07-91
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 249-08-17
Версия
для слабовидящих
09
февраль
2021

Ақиық ақын - Мұқағали Мақатаев

Бүгін қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Көзі тірі болғанында биыл 90 жысқа толар еді. 

«...Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, —
деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы тұлға, Ұлы ақын.
Поэзия!
Менімен егіз бе едің
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан
Сені іздедім жоғалған замандардан...
... Сені іздедім.
Ӏздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?»

Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз... Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр. 


«Сегодня исполнилось 90 лет со дня рождения поэта Мукагали Макатаева. Поэзия Мукагали отражает натуру всех казахов. Его загадочные стихи тронули сердца многих читателей.Мукагали Макатаев (1931-1976) – знаменитый казахский советский поэт и писатель, переводчик. Автор множества произведений, получивших всенародное признание. Как переводчик изложил на казахском языке произведения Шекспира, Данте и других великих мировых классиков. Многие ставят Мукагали Макатаева в один ряд с такими великими авторами, как Абай и Мухтар Ауэзов, сравнивая его роль для казахской поэзии с ролью, которую сыграли для русской поэзии М.Ю.Лермонтов и А.С.Пушкин.


 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: