Телефон приемного:
+7(727) 249-07-91
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 249-08-17
Версия
для слабовидящих
01
октябрь
2020

Қарты бар үйдің - қазынасы бар!

1-қазанды біз жылы және жүрекжарды мереке ретінде атап өтіп, қарттарға деген жылылықты сезінеміз. Бұл   күні  бәріміз сіздерді қастерлеп, құрмет көрсетіп жатамыз, десек-те бұндай құрмет сіздердің ерен еңбектеріңіз бен адамгергершілік және даналық  қасиеттеріңіздің қасында азғантай ғана үлесіміз болып табылады. Аға буындар және бүгінгі ұрпақтарыңыз сіздердің теңдесі жоқ ерлік істеріңіз бен отансүйгіштіктеріңді мақтан етеміз. 

Құрметті ардагерлер! Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады. Сіздердің көпшілігіңіз өз жастарыңызға қарамастан өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер. Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз.  Бүгін ерен еңбектеріңіз бен шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыс білдіреміз. Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз, жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйікпеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: