Конкурсная документация

Автор: admin от 22-01-2015, 16:02, посмотрело: 493

0

6. Конкурстық өтінімдерді қарау

 

19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтінәлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін берілген тапсырысты, түзетуге жарайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателері бар конурстық құжаттарды қарастырады. Конкурстық комиссия әлеуетті жабдықтаушыны біліктілік талаптарға сай келмейді деп, келесі жағдайларда таниды:

1) әлеуетті жабдықтаушы біліктілік талаптарға сай екендігін растау үшін қажетті құжаттарды тапсырмаса, немесе құжаттары дұрыс рәсімделмесе;

2) біліктілік талаптарға сай екендігін растауға әлеуеттік жабдықтаушы тапсырған құжаттардағы ақпарат негізінде біліктілік талаптарға сай емес екендігі анықталса;

3) біліктілік талаптар бойынша көрсетілген ақпарат анық болмаса.

 

21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді,  оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.

23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.

Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерінкөздейді.

25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.

26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.

Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.

27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.

30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының 5-қосымшасына сәйкесресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.

31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.

32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінішті қамтамасыз етуді  ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.

            33.  Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшін тапсырыста соманың бір пайызынан кем көлемінде қамтамасыз етілген жағдайда осы КҚ тиісті талаптарға сай деп танылады.

34. Әлеуетті өнім беруші осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотына енгізеді.

35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі–конкурсөтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.

36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.

37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда неконкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына  жол берілмейді.

38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған; 

2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамағанжағдайларда қайтармайды.

39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушігеөзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған  күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді: 

1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

 

7. Конкурс қортындысы бойынша мелекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шарт

                 40.  Әлеуетті жабдықтаушы веб-порталда конкурс қортындысының хаттамасы жарияланғаннан кейін бес жұмысы күні ішінде, мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартқа қол қоймастан бұрын тапсырушыға әлеуеттік  жабдықтаушының, бұрын конкурсқа қатысу үшін берілген тапсырыстық көшірмесі ретінде салынған біліктілік талаптарына сай келетіндігін растайтын көшірмені жібереді.

                41.  Электронды конкурс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылған бес күн ішінде мердігер жабдықтаушыға мемлекеттік сатып алу тауарларының келісімөшар жобасын, жұмыс көлемін, «ҚР Мемлекттік сатып алу туралы»   заңына бұдан кейін заң ға сәйкес атқарылатын қызмет көрсету аясына, типтік келісім-шар негізінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарының түрлеріне қол қойып, жабдықтаушыға жібереді.

42. Жабдықтаушы мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін бес күн ішінде мемлекеттік сатып алу жөнінде келісім-шартта айытыоғандарды орындауга қамтамасыз етуі тиіс.

43. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартты орындауды қамтамасыз етудің кепілдемесі жабдықтаушы өз уақытында, толықтай мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартта айытылғандарды орындау болып есептелінеді.

44. Келісім-шартты қамтамасыз етуді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы келісім-шартта көрсетілген жалпы соманың үш пайызы көлемінде енгізеді.

45. Жабдықтаушы мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шартты орындауда қамтамасыз етудің мына бір түрін таңдайды.

1)  Тапсырушының банктегі есепшотына  немесе ҚР бюджет заңдылықтарыңда қарастырылған мемлекеттік ұйымның немесе мемлекеттік мекеменің  есепшотына кепілдемеге ақша аударса;

2)  Ереженің 9-қосымшасына сәйкес банкттік кепілдеме.

46. Келісімшартта көрсетілген міндеттер толық орындалмағанша, жабдықтаушы тараптарынан үшінші бір адамның кепілдеме ақшаны толықтай не бір бөлігін талап етуіне жол берілмейді.

47. Тапсырушы жабдықтаушының кепілдемеге салған ақшасы Заңды қарастырылмаған мақсатқа жұмсауга құқы жоқ.

48. Тапсырушы жабдықтаушыға мемлекеттік сатып алу келісімшартының орындалуы өз уакытында  немесе бес жұмыс  күні ішінде атқарылса, онда оның жұмсаған ақшасын қайтарады. Жабдықтаушы мемлекеттік сатып алулар туралы келісім шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерді дұрыс орындамаған жағдайда, тапсырушы мемлекеттік сатып алулар туралы келісім шарттың қамтамасыз етуін, тұрақсыздық анықталған кезден бес жұмыс күні ішінде тиісті бюджетке қайтарады.

49. Егер жабдықтаушы келісім-шартта айтылған міндеттерді, жұмыс көлемін  орындамаса, тауарларды өз уақытында әкелмесе, мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шар бұзылса, онда мердігер келісім-шартты  қамтамасы ететін қаржыны қайтармайды.

50. Заңның 3-бабының  6,7,8 тармақшаларында көрсетіленгендей, келісім-шарт ережесі бір жылға жасалады.

51. Келісім шартта мемлекеттік сатып алу жөніндегі өзгерістердің  енгізілуі қарастырылуы керек.

52. Отандық тауар өндірушілерімен және отандық жабдықтаушылыарымен жасасқан келісім-шартта жұмыс, қызмет көрсету салаларына алдын ала  ақы төлеу немесе толық төлеу ережеге  сай, келісім-шарттағы міндетті орындауға кіріскен күннен есептегенде 30-күннен аспауы тиіс

53.Егер жабдықтаушы Заңды көрсетілген мерзімде мердігерге мемлекеттік сатып алу жөніндегі қол қойылған келісім-шарттын жасасып, бірақ конкурстық құжаттардағы  айтылған  міндеттерді орындауды қамтамасыз етпесе, онда мұндай жабдықтықтаушы мемлекеттік сатып алу келісімөшартына отырудын жалтарған болып есептеледі.

54. Егер жабдықтаушы мемлекеттік сатып алу келісімшартына  отырудын жалтарса онда мердігер;

      1) электронды конкурсқа қатысу үшін төлеген қаржасы ұсталады да, ол туралы мәләметтерді өкілетті органдарға ұсынады, мұндай жабдықтаушының мемлекеттік сатып алу жөніндегі жауапкершілігі төмен екендігі туралы сотка арыз береді.

      2) Қажет жағдайда мұндай жабдықтаушыны сот арқылы мемлекеттік сатып алу келісім-шартына отыруға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу келісім-шартынан жалтарғандағы зияның орнына толтыруға мәжбүрлейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: открытый конкурс

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.