Конкурсная документация

Автор: admin от 22-01-2015, 16:02, посмотрело: 414

0

«Бекітемін»

Алматы қаласы білім басқармасының

№116 ЖББМ ММ директоры

Е.Н.Анисимова__________________

№ 8_бұйрық 19.01.2015ж.

 

 

Алматы қаласы білім беру басқармасының

№116 ЖББМ КММ

білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді таңдау жөніндегі конкурс

Тапсырушы: Алматы қаласы білім беру басқармасының №116 ЖББМ коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Заңды мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Әуезов ауданы, 46 үй.

Нақты мекенжайы: Қазақстан, Алматы қ., Әуезов ауданы, 8 ықшам ауданы, 46 үй пошталық мекенжайы: 050035, Алматы қаласы,  Әуезов ауданы,8-46., 54, БСН  990440003394

Банк реквизиттері: ИИК KZ32070102KSN6001000

БИК KKMFKZ2A, есеп валютасы: теңге (KZT), ҚР Қаржы Министрдігінің Қазына комитеті

Конкурсты ұйымдастырушы: Алматы қаласы білім беру басқармасының №116 ЖББМ КММӘуезов ауданы, 8 ықшам ауданы, 46 үй

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1.  Конкурс Алматы қаласы білім беру басқармасының О. Жандосов атындағы «№116 ЖББМ»  коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі жабдықтаушыны таңдау мақсатында өткізіледі.

             Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 733 білім алушыны құрайды, оның ішінде 336 оқушы 1-4 сынып  оқушылары және 50 оқушы аз қамтылған отбасындағы, қамқорлыққа алынған, көпбалалы отбасындағы балалар.

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін  қаржы 6934800 – 00 теңгені құрайды.

Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.

2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды: 

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

2) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы; 

3) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінішті; 

4) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді; 

5) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.

3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өтініш беруші конкурсқа қатысуға өтінішпен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінішті қамтамасыз етуді: 

1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) келесі банк шотында KZ590705023609858001 орналастырылған ақшаның кепілдік ақшалай жарнасы (конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) банктік шотының толық деректемелерін көрсету)

орналастырылғын ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы; 

2) осы  конкурстық құжаттаманың 7 қосымшасына сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді. 

 

2. Әлеуетті өтініш берушілерді конкурс туралы хабардар ету

 

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өтініш  берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.

7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.

8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

 

2. Конкурстық құжаттама көшірмелерін алған әлеуеттік жабдықтаушыға ережелерді түсіндіру

 

5. Конкурсқа қатысатын әлеуетті жабдықтаушы 2015 жылдың 01 ақпаны сағат 10.00-ге дейін конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша өтінімімен шағымдану тиіс. Әлеуетті жабдықтаушылардың өтінімдерін сатып алуды ұйымдастырушының келесі реквизиттеріне жіберу қажет: Алматы қ., Әуезов ауданы, 8 ықшам ауданы, 46 үй.

6. Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы, өтінімді алғаннан кейін, үш жұмыс күні ішінде жауп беруі тиіс, сонымен, кімнен өтінім түскенін көрсетпей:

1) конкурстық құжаттамаларды алған, тіркеу журналына мәліметтері енгізілген тұлғаларға конкурстық құжаттамалардың еределерінің түсіндірмелерін жолдау;

2) өзінің веб-сайтында конкурстық құжаттамалар еределерінің түсіндірмелерін орналастыру.

 

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

 

9. Конкурсқа қатысуға өтініш:

1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өтініш берушінің қолы қойылып,  мөрімен куәландырылған өтінішті;

2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:

заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама,заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып,банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;

конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары жәнежинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы,теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;

осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.

Әлеуетті жабдықтаушы конкурсқа қатысу жөніндегі өтінішін конвертке салып, оның бет жағына өзінің толық атауы мен мекенжайын (уақыттан кешіккен жағдайда конвертті ашпай қайтару мақсатында), толық атауын, сатып алуды ұйымдастырушының пошталық мекенжайын, конкурстың атауын жазады.

 

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

 

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 050035, Алматы қ., Әуезов ауданы,8ықшам аудан, 46 үй, директор қабылдауы, Л.Л. Алиева 2015 жылдың 11 ақпаны, сағат 17.00-ге дейін.

11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім берушіжөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.

Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралымәліметтер енгізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.

13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған, сонымен қатар, конкурстық тапсырыстар бар конверттерді рәсімдеуіне қойылған талаптар бұзылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

 

5. Конкурс өтінімдерібар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

 

14. Конкурсқа қатысу үшін берілген тапсырыстары бар конверттер, конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен, Алматы қ., Әуезов ауданы,8 ықшам ауданы, 46 үй, директордың  қабылдау кабинетінде 2015 жылдың 12 ақпаны  09 сағат 00 минутта өткізіледі.

Әлеуетті жабдықтаушылар бекітілген мерзім мен сатып алуды ұйымдастырущының хабарламасында және осы конкурстық құжаттамада көрсетілген тәртіппен тапсырылған конверттер ашылады.

Конкурсқа (лотқа) бір ғана өтініш түскен кездің өзінде, конкурсқа қатысуға берілген тапсырыс ашылады.

Конкурсқа қатысуға өтініш білдірген конвертті ашуға қатысқан жабдықтаушының өкілетті өкілдері өздерінің өкілеттілікткерін растайтын құжаттарды көрсетіп,жабдықтаушы тіркелетін журналда тіркелуі тиіс; Алматы қаласы, Әуезов ауданы,8 ықшам ауданы, 46 үй, директордың  қабылдау кабинетінде 2015 жылдың 12 ақпаны  08 сағат 00 минуттан бастап.

 Жабдықтаушы мен оның өкілетті өкілдері конкурс комиссиясына конкурсқа қатысу туралы өтініш білдірген конверттерді ашу кезінде бейнежазу мен бейнетүсірілім жасайтын техникалық құралдарды пайдаланатынарын хабарлайды.

Конкурсқа қатысуга өтініш білдірген хатты ашқанда конкурстық комиссия отырысына қатысушылардың иесіне, конкурстық комиссия хатшысының жұмысына жабдықтаушы мен оның өкілетті өкілдерінің араласуына, қол сұғуына тиым салынады. 

15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.

16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерін ашады.

17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттер ашылуға жатады.

18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

 

 

Категория: открытый конкурс

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.