Телефон приемного:
+7(727) 249-07-91
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 249-08-17
Версия
для слабовидящих
12
февраль
2021

Өзін-өзі тану пәні апталығы

Ұлттық сана, ұлттық тәрбие... Бұл мәселелер қазіргі қоға­мымыздың өзектілігіне айналды. Сана мен тәрбиені біз қайдан бастаймыз? Әрине отбасыдан бөлек мектепке, ұстаздардың беріп жатқан білімі мен тәрбиесіне жүгінеміз. Тәрбиенің ішінде рухани-адамгершілік тәрбиеге көңіл бөлетін бірден-бір пән – өзін-өзі тану пәні. Өзін-өзі тану нағыз адам бо­лудың сыры мен қырын үй­ре­тетін пән. Нағыз адам бо­лу – Отан алдындағы боры­шыңды өтеу, адами қарым-қатынасының, қоршаған ортамен үйлесімділігің. Пәннің мақсаты – білім алушының өзін дұрыс түсінуіне, дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға, өмірдің мәнін ұғынуға және өмірден өз орнын таба білуге көмектесу. Еліміздің болашақ жас ұрпақтарын жан-жақты да­мытуда өзін-өзі тану сабақ­та­ры­ның орны ерекше. Сабақта пән мұғалімі әркімнің жан дү­ниесін тануға, әлемге көз жү­гір­тіп, мейірімділік жа­сау­ға бағыт­тайды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: