Конституция күні құтты болсын!
30 тамызда Қазақстан халқы маңызды мемлекеттік мерекелеріміздің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін тойлайды. Ата заң – бұл адамның құқықтары мен бостандығының сақталуының сенімді кепілдігі, сондай-ақ мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. Осы құжаттың арқасында біз тұрақтылық, келісім мен өркендеу жолымен болашаққа нық қадам басамыз. №116 мектеп ұжымы Сіздерді осы мейраммен шын жүректен құттықтайды және Сіздерге денсаулық, бірлік, татулық, бақыт және сәттілік тілейді.