Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы
Кел, балалар, оқылық! Қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің бұл үндеуін әрбір қазақ оқушысы біледі. Жазушы, этнограф, публицист, қоғам қайраткері Ы. Алтынсарин – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған тұлғалардың бірі, алғашқы қазақ оқулықтарының авторы. Қазақ даласында оқу орындарының ашылуы – қайраткердің еңбегінің басты жемісі. Алтынсарин табандылығының, отансүйгіштігі мен адамгершілігінің арқасында 4 екі жылдық орталық орыс-қырғыз мектебін, 1сауда мектебін, 5 болыс және 2